Заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында Алматыда бүлдіршінді тепкінің астына алған ер адамға қандай жаза қолданылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Бұл жерде 108-ші баппен іс қозғалды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Санкциясы екі жылға дейін. Уақытша ұстау изоляторында үш күн ұстайды, одан кейін үй қамаққа жібереді. Үйіне жібереді, қамалып жатпайды. Сіздер қалай ойлайсыздар жаза әділ ме? Менің ойымша әділ емес, адамның жеке өміріне немқұрайлы қарайды. Егерде көшеде төбелесіп қалсаң Бұзақылық бабымен 7 жылға дейін сотталасың. Бұл қазір айыппұл немесе қоғамдық жұмыспенде жазадан құтылып кетеді», дейді ол.