Жаңалықтар

Әйелімен ренжіскен түркістандық өмірімен қош айтыспақшы болған (ВИДЕО)

Әйелімен ренжіскен түркістандық өмірімен қош айтыспақшы болған (ВИДЕО)

Түркістан қаласында әйелімен ренжісіп қалған ер адам мас күйінде асылып өлмек болды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап. 

Түркістан қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының 6-взвод қызметкерлері Серікбай Сламхан мен Ералы Найзабек жедел әрі кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде адам өмірін сақтап қалды.

«Олар қызметтік міндеттерін атқару барысында отбасылық жанжалға байланысты «102» арнасы арқылы шұғыл шақырту алған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынның масаң күйде өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтады. Ол қақпаға байланған арқанға асылып, өміріне қауіп төндіріп тұрған.

Полиция қызметкерлері бірден жедел әрекетке көшіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оның өміріне төнген қауіп сейілді. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, жағдайы бақылауға алынған», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Аталған жағдай полиция қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен жедел әрекетінің, сондай-ақ батылдығының айқын дәлелі. Олардың үйлесімді әрі нақты іс-қимылының арқасында адам өмірі аман сақталды.

Барлық жаңалық