Танымал әнші, «МузАрт» тобының мүшесі Кенжебек Жанәбіловтің тойда жеке ән орындап тұрған сәтінен видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Бейнежазбада ән айтып тұрған Кенжебектің қасына ер адам жақындап, оның шашын ұстауға әрекеттенгені көрінеді. Әнші оны итеріп жібереді.
Видео желіде тез тарап, көп қаралым жинады. Бұл жағдайға қатысты жұрт екіге бөлінді.
Бірі «Енді дұрыс қой, оның басында несі бар?», «Арақ ішкен жерде береке жоқ», «Кенжебектікі дұрыс» – деп әншіні жақтаса, екіншілері:
«Халықтың арасында естерін жиып, адам менсінбейді», «Кенжебектің өзін ұрып тастайтын адам болмады ма?», «Кенжебек дұрыс емес, халықтың алдында көтерілді» – деп сын айтты.