Жаңалықтар

30-дан астам адам зардап шекті: Қарағандыда автобус аударылды (ВИДЕО)

30-дан астам адам зардап шекті: Қарағандыда автобус аударылды (ВИДЕО)

Бүгін, 5 сәуірде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалды. Салонда 50 адам болған, олардың 30-дан астамы зардап шекті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары оқиға орнына дереу жетіп, көмек көрсетуге кірісті.

«ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен үш зардап шеккен адам Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштерімен жедел жәрдем дәрігерлері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарының сүйемелдеуімен вахталық көлікпен 30 адам Ботақара кентінің ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деңгейде», – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

Ведомство мәліметінше, жағдай ТЖМ бақылауында.

Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ» ТМСП, Апаттар медицинасы орталығы, «Қазавиақұтқару», жедел медициналық жәрдем бригадалары және полиция жұмылдырылды.

Барлық жаңалық