6 қараша күні Миландағы «Джузеппе Меацца» стадионында (Италия) Лига чемпиондарының жалпы кезеңіндегі 4-турдың матчында итальяндық «Интер» алматылық «Қайратты» қабылдайды деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrisport.kz сайтына сілтемемен.
Қазіргі таңда матчқа билеттер сатылымға шықты. Бұл туралы «Интер» клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерінде хабарлады.Айта кетерлігі, Миландық командаға қарсы «Қайраттың» ойынына билеттер ең арзан бағамен 5 евроға (шамамен 3100 теңге) сатылуда. Бұл Алматыдағы «Қайраттың» бұрынғы үй матчтарымен салыстырғанда 10 есе арзан. Мысалы, алдыңғы ойында кипрлік «Пафосқа» қарсы билеттердің ең төменгі бағасы 30 мың теңгеден басталған еді.
Билеттердің бағасы әртүрлі: 8 евро (шамамен 5000 теңге), 10 евро (6200 теңге), 14 евро (8700 теңге) және тағы басқа. Ал ең қымбат билет 349 евроға (шамамен 217 мың теңге) бағаланып отыр.