2022 жылы «Дала Қырандары» жастар бірлестігі бастаған #жаттығу республикалық қозғалысы биыл жаңа қарқын алды. Еліміздің 20-дан астам қаласынан ерікті жастар бұл бастамаға қосылып, ескі спорт алаңдарын жөндеп, қайта жандандыру жұмыстарын жүргізуде деп хабалайды Ozgeris.info сайты.
Ұйым мүшелері тозығы жеткен алаңдарды қалыпқа келтіріп қана қоймай, оларды өз қамқорлығына алған.
«Біздің мақсатымыз – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және қоғамда белсенділік рухын арттыру», – дейді қозғалыс өкілдері.
Жоба аясында қалалар мен ауылдардағы көптеген спорттық нысандар жаңарып, тұрғындардың таза ауада жаттығу жасауына мүмкіндік туды.