Шетел саясаткерлері Украина президенті Владимир Зеленскийді Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
36 еуропалық саясаткер басшыны үміткерлер тізіміне қосу үшін Нобель комитетінің мүшелерінен Бейбітшілік сыйлығына өтінім беру мерзімін ұзартуды сұрады.
Украина халқына әлем олардың жағында екенін көрсететін уақыт келді деп есептейміз. Бұл мемлекетті және ел президентін Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша ұсыну үшін мерзімді 2022 жылдың 31 наурызына дейін ұзартуды сұраймыз»,— делінген хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ