Үшінші дүниежізілік соғыс болуы мүмкін — ТРАМП

Фото: kremlin.ru сайтынан


АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп Украина төңірегіндегі жағдай үшінші дүниежүзілік соғысқа ұласуы мүмкін екенін айтты. Оның пікірінше, бұл Ресей президенті Владимир Путинге «сөзі өтетін ешкімнің» болмауынан екен. Бұл туралы “ozgeris.info” порталы хабарлайды.

«Бұл үшінші дүниежүзілік соғысқа әкелуі мүмкін. Мен не болып жатқанын көріп тұрмын. Өйткені, Путин тоқтайды деп ойласаңыз, қателесесіз. Ол одан сайын ушықтырып жатыр. Бізде онымен сөйлесетін ешкім жоқ. Бұрын мұндай адам болған , ол — мен. Ешкім Ресейге мен сияқты қатал болған емес», — деді Трамп Оңтүстік Каролинадағы митингіде.

Ал АҚШ президенті Джо Байден АҚШ Украинамен Ресейге қарсы соғыспайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл үшінші дүниежүзілік соғысқа қауіп төндіреді. Дегенмен, Америка Құрама Штаттары НАТО территориясын қорғауға дайын екенін мәлімдеген болатын Америка президенті.

“ozgeris.info” порталы