Атырауда полиция қызметкері өз жұмысының күнделікті барысын көрсететін видеоблог жүргізіп, жұртшылықтың назарын аударды. Парақшасында жарияланған бейнероликтерде тәртіп сақшысы патруль кезіндегі жағдайларды, тұрғындармен қарым-қатынасты және қызметтің ішкі мәдениетін көрсетеді.
Көрермендер комментарийлерде полицейдің сабырлы мінезіне, сыпайылығына және кәсіби біліктілігіне тәнті болып жатыр. Көпшілік мұндай мәдениетті, жауапкершілігі жоғары қызметкердің сирек кездесетінін атап өткен.