Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы Instagram-дағы стористерінде өз атын, фотосы мен видеоларын рұқсатсыз пайдаланғандарға қатысты шара қолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол TikTok-та өзінің атынан ашылған фан-парақшаға да назар аударған.
«Кімде-кім менің атымды, затымды, фотомды, видеоларымды, предс-мредс, инстада разбор жасап рұқсатсыз қолданады, бірден нотариально фиксировать етіп, іске тіркейтін боламын, дәл осы фотодағыдай. Үндемегенді әлсіздік демеңдер. Былқып болған шығарсыңдар. Мысалы, TikTok-та мен болып фан-парақша ашып, елдің ашуына тиіп, мен болып жүрегізіп отырған парақша иесіне 10–20 жыл арасында грозит», деді ол.
Кейінгі сторисінде ол адвокаты, сарапшы және нотариуспен бірге материалдарды тіркеп жатқанын жазып, пікірлерін өшіріп жатқандарға кешірім жасамайтынын айтқан.
«Адвокатым, эксперт, нотариус, IP анықтайтын орган, бәрін фиксировать етіп, предс, инста, тик-ток бәрін тіркеп алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комменттеріңді өшіріп жатырсыңдар ғой. Ешқандай кешірім қабылдамаймын. Енең, шешеӊ, қатының болмақ басқа болса да, не пишите мне», деп жазды ол.