Жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет әйел әскери қызметші күрең берет иегері атанды

 Қазақстанда алғаш рет әйел әскери қызметші күрең берет иегері атанды

Қазақстандық әскери қызметші Аян Тұрсын елімізде Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің күрең беретін иеленген алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Аян Тұрсын бұл ерекшелікке ие болу үлкен мәртебе әрі жауапкершілік екенін атап өтті. Оның айтуынша, күрең берет – Отанға адалдықтың, тәртіп пен әскери абыройдың символы.

Биыл күрең беретке ие болу үшін 170 үміткер бақ сынаған. Олар таулы аймақта әрекет ету, медициналық көмек көрсету, радиобайланыс, әскери инженерлік даярлық, дрондарды басқару және нысана көздеу бойынша сынақ тапсырған.

Сынақтың ең ауыр кезеңдерінің бірі – арнайы тапсырмаларды орындай отырып, 30 шақырым жолды еңсеру болған екен. Ал соңғы кезеңде үміткерлер қоян-қолтық ұрыста шеберліктерін көрсеткен.

Әскери қызметші алдағы уақытта да Қазақстанға абыроймен қызмет етіп, кәсіби жолында жаңа жетістіктерге жетуге ниетті екенін жеткізді.

Барлық жаңалық