Жаңалықтар

Ұлттық арна үздік қазақстандық телехикаяларды қайта көрсетеді

Ұлттық арна үздік қазақстандық телехикаяларды қайта көрсетеді

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы көрермен назарына соңғы жылдары жарық көрген таңдаулы отандық телехикаяларды ұсынады. Ондағы мақсат – эфирдегі телехикаялар үлесін ұлғайту және көрермен қызығушылығын арттыру. Сериалдар 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 31 желтоқсан аралығында көрсетіледі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
 
«Үздік отандық сериалдар» эфирлік желісі аясында соңғы үш жылда жарық көрген көркемдік деңгейі жоғары әрі көрермен ықыласына бөленген «Қара бекіре», «Адасқан», «Қыл үстінде» және басқа да туындылар көрсетілмек. Репертуарда драма, әлеуметтік драма, экшн, мелодрама және басқа да жанрлардағы сериалдар қамтылады.
 
Арнайы эфирлік желі отандық телехикаяларға деген көрермен қызығушылығын арттырып, бұған дейін көрсетілген танымал жобаларды қайта тамашалауға мүмкіндік береді.
 
«Qazaqstan» телеарнасы осылайша отандық телехикаяларды кеңінен насихаттап, сапалы ұлттық контенттің көрерменге қолжетімділігін арттыруды көздейді.

Барлық жаңалық