Жаңалықтар

"Ұяттан бас көтере алмай отырмын": Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адам сотта сөз сөйледі

"Ұяттан бас көтере алмай отырмын": Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адам сотта сөз сөйледі

Түркістан облысында өз әкесін соққыға жықты деген айып тағылған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты сот отырысы аяқталу сатысына жетті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Мемлекеттік айыптаушы соттан айыпталушыны 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды, сондай-ақ қосымша жаза тағайындауды сұрады.

Сот барысында Алмас Садақбаев істеген ісіне өкініш білдіріп, көз жасын тыя алмады. Ол өз сөзінде отбасындағы жалғыз асыраушы екенін айтып, жазаны жеңілдетуді өтінді.

«Кешірім сұраймын. Қазір ұятымнан басымды көтере алмаймын. Не болғанын өзім де аңғармай қалдым, өзімді жоғалтып алдым. Кәмелетке толмаған балаларым бар, жұбайым жұмыс істемейді. Отбасымды асырап отырған тек өзіммін», – деді айыпталушы.

Айта кетсек, қарт адамның өліміне әкелген бұл іс бойынша түпкілікті сот үкімі 15 қаңтарда жарияланады деп жоспарланып отыр.

Барлық жаңалық