Шоу-бизнес

"Мұндай баламен қалай өмір сүремін?": Төреғалидің әйелі жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

"Мұндай баламен қалай өмір сүремін?": Төреғалидің әйелі жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің әйелі желідегі парақшасында ерекше қызы жайлы видео жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Айтуынша, тұнғышы оған өте құнды дүниелерді үйреткен. 

"Өз-өзіме сұрақ қойдым. Медицинадан басқа ештеңе көмектеспесес мен осындай баламен қалай өмір сүремін? Кәусар дүниеге келгелі Толқын 360 шградусқа өзгерді. Қазіргі Толқынның жолын бастап берген сол Кәусар десем қателеспеймін. Ең біріншіден Кәусар дүниеге келгеннен бастап мен шағымданбауды үйрендім. Бастапқы уақытта қиын болды. Бастапқы уақытта қабылдамау, қарсыласу болды. "Менің ондай бала тууым мүмкін емес. Менің баламның диагнозының бар болуына мен лайықты емеспін деген үлкен қарсыласу болды. Бірақ уақыт өте қабылдадым. Қабылдау менің дамуыма, білім алуыма әсер етті. Бастапқы 5 жылда тек ем алумен болдық. Кәусар жүрмесе де, сөйлемесе де өмірге сондай қуанышпен қарайды, тамақ ішсе де сондай бақытпен жейді. Сонда адамның бақытты болуы үшін тек таңдау жасау керектігін түсіндім. Кәусар менің өмірімдегі ең үлкен сый", - деді ол. 

 

Барлық жаңалық