Белгілі онколог-дәрігер, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры Диляра Қайдарова «Әділет» саяси партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Оның есімі партия бекіткен 186 кандидаттан тұратын тізімге енгізілген.
Диляра Қайдарова медицина саласындағы тәжірибелі маман ретінде кеңінен танымал. Ол – медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Сонымен қатар бұған дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтын басқарған.
Қайдарованың отбасы да қоғам назарында. Оның ұлы Әлішер Қайдаров пен кәсіпкер Баян Алагөзованың қызы Айсауле Бақытбек 2019 жылы отау құрған болатын.
Айта кетейік, «Әділет» партиясының сайлау тізіміне медицина, білім беру, бизнес және қоғамдық салалардың бірқатар танымал өкілдері енгізілген.