Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртаc әлеуметтік желіде ата-анасымен бірге видео жариялап, өзіне бағытталған сын-пікірлерге жауап қатты. Желіде тараған бейнежазба көпшіліктің назарын аударып, қызу талқылауға себеп болды.
Бұған дейін Алауға қатысты «Ұят қайда, ата-анаң қайда қарап отыр?» деген сарындағы пікірлер жиі жазылған. Осы сындарға жауап ретінде Алау видеода ата-анасының оны толық қолдайтынын айтып, «Олар мені қолдайды» деп мәлімдеді.
Аталған видео желі қолданушыларының пікірін екіге бөлді. Бірі Қайрат Нұртаc пен Жұлдыз Әбдікәрімованы заманауи, баласының таңдауына құрметпен қарайтын ата-ана ретінде қолдап жатса, енді біреулер «Қандай жағдай болса да тәртіп пен шектеу болуы керек» деген пікір білдірді.