Павлодар облысы

Тоқаев Павлодар өңірінің бірқатар азаматын марапаттады

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Павлодар өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1031 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін: «Парасат» орденімен «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» РМК директорының кеңесшісі Леонид Иванович Баталов; «Құрмет» орденімен «Жоғары спорттық шеберлік мектебі» КМҚК оқытушысы – жаттықтырушысы Азамат Шұғаұлы Мақажанов; «Құрмет» орденімен «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» КМК перинаталдық орталығының бас дәрігері Айман Қайыркенқызы Оспанова; III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақстан алюминийі» АҚ учаске бастығы Еркеблан Хаджи-Мұратұлы Хусаинов; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қазақстан» РТРК» АҚ меншікті тілшісі Болат Советұлы Аманбаев наградталды.
Барлық жаңалық