Жаңалықтар

Петропавлда мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (ВИДЕО)

Петропавлда мотоцикл жаяу жүргіншіні қағып өлтірді (ВИДЕО)

Петропавлда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы болды. Қазір полиция аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр ,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оқиға Назарбаев көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 41 жастағы Yamaha мотоциклінің жүргізушісі жолды кесіп өтіп бара жатқан 38 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал мотоцикл жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қазір тергеу аясында қажетті жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Полиция жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын, соның ішінде апатқа себеп болған факторларды анықтап жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді, әсіресе қараңғы уақытта, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Барлық жаңалық