Шымкентте көршісін ұрып өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соғу дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Алдын ала анықталғандай, жәбірленуші мен оның көршісі арасында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет соққы жасаған.
Алған дене жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.