UFC жауынгері Шавкат Рахмонованың жұбайы Гулайым Рахмонова жол апаты салдарынан екі адамның қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғаны хабарланды деп жазады Оzgeris.info.
Оқиғаға қатысты ақпаратты Қазақстан ІІМ вице-министрі Санжар Әділов журналистерге айтты. Оның сөзінше, қазір Гулайым Рахмоноваға қатысты іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр.
Жол апаты өткен жылы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург трассасында, Жамбыл облысында болған. Toyota Land Cruiser автокөлігінде спортшының жұбайы, олардың кәмелетке толмаған баласы және екі құрбысы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, автокөлік аударылған.
Апат салдарынан екі қыз қаза тауып, Гулайым Рахмонова мен бала ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылған.
Қазір құқық қорғау органдары жол апатының барлық мән-жайын тергеп жатыр.