Қоғам

Шахаризат Сейдахмет лудоманиядан емделу үшін 7 ай оқшауланған

Шахаризат Сейдахмет лудоманиядан емделу үшін 7 ай оқшауланған

«1001 түн» телебағдарламасында әнші Шахаризат Сейдахмет өзінің құмар ойынға тәуелді болғанын мойындап, ұзақ уақыт ем қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Өнер иесі соңғы бір жыл көлемінде сахнадан алыстап кетуінің негізгі себебін алғаш рет көпшілікке түсіндірді. Ол ауыр психологиялық дертке шалдыққанын айтып, осы лудомания тәуелділігінен құтылу мақсатында арнайы оңалту орталығында жеті ай бойы жабық түрде ем қабылдауға мәжбүр болған. Орындаушы жарты жылдан астам уақыт бойы сыртқы әлемнен толықтай оқшауланып, тек білікті мамандардың көмегіне жүгінген.

«Көрінбей кеткенім содан, мен бір жыл бойы сахнадан алыстап кеттім, психологиялық дертке шалдықтым, сауығумен айналыстым. Шахаризат қайда жоғалып кетті деген сұрақтарды көп естимін, шыны керек, Шахаризат өзін жоғалтып алды», – деді әнші.

Ол жабық мекемеде өткізген уақытын өзін қайта табуға және осы қауіпті әдеттен біржола арылуға арнағанын хабарлады.

Барлық жаңалық