Жаңалықтар

Қызылорда облысында электр жабдықтары тиелген жүк көлігі өртенді

Қызылорда облысында электр жабдықтары тиелген жүк көлігі өртенді
Қызылорда облысында өртенген электр жабдықтары тиелген жүк көлігі толық сөндірілді. 
25 мамырда Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Қазалы ауданының Байқожа ауылының тұсында «Самара-Шымкент» тас жолының бойында фура жүк автокөлігі жануда деген хабарлама келіп түскен.
«Барлау жұмыстарын жүргізу барысында «Volvo» жүк автокөлігіне тиелген жүктің салмағы 9 тонна болатын электр жабдықтары (розетка, включатель, переноска) жанғаны анықталды. Өрт толық сөндірілді. Оған №8 өрт сөндіру бөлімінен 1 техникасымен 6 қызметкер жұмылдырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада кафеде болған өртте құтқарушылар 14 адамды эвакуациялады. Фото: Қызылорда облыстық ТЖД
Барлық жаңалық