✅ Пайдалы

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын толық басқара ала ма?

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын толық басқара ала ма?

Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қатысты маңызды өзгерістердің бірі – азаматтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарының 100 пайызын инвестициялық басқаруға беру мүмкіндігін қарастыратын норма болды. Бұған дейін мұндай мүмкіндік жинақтың тек 50 пайызына ғана берілетін.

Бұл өзгеріс қоғамда қызу талқыланды. Бірі оны азаматтардың қаржылық еркіндігін кеңейтетін қадам деп бағаласа, енді екінші тарапта зейнетақы жинақтарының қауіпсіздігіне қатысты сауалдар көтерілді. Осыған байланысты жаңа норманың мәні қандай және ол салымшыларға не береді деген сұрақтарға тоқталдық.

Зейнетақы жинағын басқару мүмкіндігі кеңейді
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов депутаттардың бастамасымен енгізілген норманы Сенат мақұлдағанын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, жаңа норма азаматтарға зейнетақы жинақтарын кімнің басқаруына беретінін өздері таңдауға мүмкіндік береді.
Ол қазіргі таңда жұмыс істейтін азаматтардың міндетті 10 пайыздық зейнетақы жарналары Ұлттық банктің басқаруында екенін, ал жаңа тетік арқылы салымшылар қаражатын бұрынғыдай Ұлттық банктің басқаруында қалдыруға немесе оның 100 пайызын лицензияланған инвестициялық басқарушы компанияларға сеніп тапсыруға мүмкіндік алатынын түсіндірген.

Бұл өзгеріс не үшін қажет?
Асхат Аймағамбетовтің пікірінше, Ұлттық банк инвестицияларды негізінен тәуекелі төмен әрі сенімді қаржы құралдарына бағыттап келеді. Ал жеке инвестициялық басқарушы компаниялар бәсекелестік ортада жұмыс істейтіндіктен, қаражатты табыстылығы жоғары болуы мүмкін бағыттарға инвестициялай алады.

Демек оның айтуынша, жаңа тетік салымшыларға тәуекел деңгейі мен инвестициялық стратегияны өз қалауы бойынша таңдауға жол ашады.
Мысал ретінде ол БЖЗҚ-да 5 миллион теңге жинағы бар азамат оның бір бөлігін тәуекелі жоғары, бірақ кірісі мол стратегияға, екінші бөлігін орташа тәуекелді инвестицияларға, ал қалған қаражатын тұрақты әрі сенімді қаржы құралдарына бөле алатынын келтірген.

Жинақтың сақталуына кепілдік бар ма?
Жаңа норма талқыланған кезде қоғамда ең көп қойылған сұрақтардың бірі – зейнетақы жинақтарының сақталуына қатысты болды.

А. Аймағамбетов заң жобасында инвестициялық басқарушы компаниялардың салымшы тапсырған негізгі қаражаттың сақталуына кепілдік беретіні қарастырылғанын айтқан. Сонымен қатар олардың қызметі Ұлттық банк пен мемлекет тарапынан бақылауда болатынын жеткізген.

Неге зейнетақыны толық тұрғын үйге пайдалануға болмайды?
Зейнетақы жинақтарын пайдалану мәселесіне қатысты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те бұған дейін түсініктеме берген еді.

Ол Мәжіліс кулуарында сөйлеген сөзінде зейнетақы шотының басты мақсаты тұрғын үй сатып алу емес, азаматтарды зейнет жасында тұрақты табыспен қамтамасыз ету екенін айтқан.
Сүлейменовтің сөзінше, қолданыстағы тәсіл Әлеуметтік кодексте бекітілген және халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Оның пікірінше, азаматтардың барлық жинағын ерте кезеңде пайдаланып қоюы болашақта зейнетақымен қамсыздандыру деңгейіне әсер етуі мүмкін.

БЖЗҚ-да қаражат жеткілікті ме?
Журналистер жеткілікті шектің көтерілуі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражаттың жетіспеушілігіне байланысты деген пікірлер туралы да сұрақ қойған. Бірақ Тимур Сүлейменов мұндай болжамдарды жоққа шығарған.

Оның мәліметінше, сол кезде БЖЗҚ активтері 26,5 триллион теңгені құраған және қорда ешқандай қаржы тапшылығы болмаған. Сондай-ақ ол тұрғын үйге қаражат жинау үшін арнайы тұрғын үй жинақ жүйесін пайдалануға кеңес берген.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі қалай қалыптасты?
Қазақстан 1998 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұған дейін қолданылған ортақ жүйеде жұмыс істейтін азаматтардың аударымдары сол кездегі зейнеткерлерге төленіп отырды. Десе де уақыт өте келе еңбекке қабілетті халық пен зейнеткерлер арасындағы арақатынас өзгеріп, мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеме артты. Осыған байланысты жинақтаушы модельге көшу туралы шешім қабылданды.

Оның құрамына мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы, міндетті және кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ ерікті жарналар кіреді.
Сонымен қатар 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізілді. Бұл жүйе, әсіресе, ортақ зейнетақы алуға мүмкіндігі жоқ азаматтардың болашақтағы зейнетақысын ұлғайтуға бағытталған.

Мемлекеттік кепілдік сақталады
Қазақстанның зейнетақы жүйесінің маңызды ерекшелігінің бірі – мемлекет міндетті зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сақталуына кепілдік береді.
Бұдан бөлек БЖЗҚ-дағы жинақ салымшының жеке меншігі болып есептеледі және заңнамаға сәйкес мұрагерлеріне беріледі.

Жаңа өзгерістердің мәні неде?
Ұсынылған өзгерістер азаматтарға өз зейнетақы жинақтарын басқаруда көбірек таңдау еркіндігін беруге бағытталған. Егер бұрын инвестициялық басқарушы компанияларға жинақтың тек жартысын ғана сеніп тапсыруға мүмкіндік болса, жаңа норма бұл шектеуді алып тастауды көздейді.

Сонымен қатар Ұлттық банк бірнеше рет атап өткендей, зейнетақы жүйесінің негізгі мақсаты өзгермейді. Ол – азаматтарды зейнет жасында тұрақты табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан жүйеге енгізілетін кез келген өзгеріс осы қағидатты сақтай отырып жүзеге асырылады.
Бүгінде елімізде көп деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және ортақ зейнетақы, міндетті және кәсіптік зейнетақы жарналары, сондай-ақ ерікті жарналар кіреді.

Барлық жаңалық