Қоғам белсендісі Меркіде қаза тапқан келіншек Мәдинаның артында қалған баласы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұл туралы ол жеке парақшасында жазды.
"Мадинаның артында кішкентай баласы қалды. Біздің мақсатымыз — істің ақиқаты анықталып, Мадиярдың әрекетіне заң аясында толық құқықтық баға берілуіне қол жеткізу. Сонымен қатар, баланы әжесінің қамқорлығына беру үшін барлық заңдық мүмкіндікті пайдаланамыз.
Мадина үшін де, оның артында қалған баласының болашағы үшін де соңына дейін күресеміз!", деді ол.