Шоу-бизнес

«Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасының жетісін өткізді

«Ішім өртеніп барады»: Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасының жетісін өткізді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова марқұм ағасының жетілік асын өткізді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазған. 

"Мұздай бассейнге де түстім, мұздай салқын су да іштім. Бәрібір ішім өртеніп барады. Бауырым, ағатайым, анамның жанында... Міне бүгін улап-шулап, жылап-сықтап жетісін өткіздік. Жаның жәннатта болсын, бауырым Сәбитім. Әрбір дұға етіп келген ағайын, құда-жегжаттардың дұғасы қабыл болып, Алла бүкіл біліп-білмей жасаған күнәларын кешіп, жанын жұмақтық етсін! Эх, өмір-ай", - деп жазды ол. 

Оқырмандар продюсерге көңіл айтып, тілектестік білдірді. 

Барлық жаңалық