Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев жаңа клубында қай нөмірмен ойнайтынын анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
18 жастағы футболшы Англияның «Бернли» клубында 12-нөмірмен өнер көрсетеді.
Сәтпаев «Бернлиге» Лондонның «Челси» клубынан жалға алу құқығымен ауысты. Қазақстандық футболшы 2026/2027 жылғы маусымды ағылшын клубында өткізеді. Келісім 2027 жылдың жазына дейін жасалған және онда футболшыны сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған. Сонымен қатар қыста «Челси» Сәтпаевты жалға алу мерзімі аяқталмай тұрып қайтара алады.
Қазіргі маусымда «Бернли» Чемпионшипте өнер көрсетіп жатыр.
Бұған дейін Сәтпаев Англия футболына бейімделіп, ойын тәжірибесін арттыру үшін жалға беруді жақсы мүмкіндік ретінде қарастыратынын айтқан еді.
Қазақстандық шабуылшының «Челсимен» келісімшарты 2033 жылға дейін жарамды.
Айта кетейік, Сәтпаев жалға кетер алдында лондондық клубпен бірге маусым алдындағы дайындыққа қатысып, команданың Аустралия мен Азиядағы турниріне барған.