Қазақстандық тревел-блогер Дастан Мұхамедрахим, әлеуметтік желіде @bydastann атымен танымал, АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы Дональд Трамп кішімен бірге Моңғолия тауларында адасып қалғанын айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған дейін блогер Трамп кішімен кездескен сәтінен видео жариялап, оған шапан мен тымақ сыйлағанын хабарлаған еді.
Жаңа видеода Дастан олардың бірге болған қызықты оқиғасының жай-жапсарын бөлісті.
«Мұндай жағдай Голливудтың өзінде болмаған шығар. Трамптың ұлымен бірге тауда адасып қалдық. Жол іздедік, өзеннен өте алмадық, тауды да еңсеру қиын болды. Қысқасы, шағын фильмге бергісіз оқиға болды», – деді блогер.
Қазақстандықтың айтуынша, сапар сәтті аяқталған. Топқа көмектесу үшін жылқы әкелініп, оның көмегімен өзеннен өткен. Бір қызығы, өзеннен өту сәтін Дастанның өзін Трамп кіші видеоға түсірген.