Продюсер Баян Мақсатқызы өзінің сүйікті жемісімен қоштасу керектігін жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алманы сүйіп жейтін ол оған дәрігерлердің шектеу қойғанын айтты.
«Бұл — менің ең сүйікті жемісім. Жақында ғана алмаға аллергиям бар екенін анықтадым. Алма — өмірімнің қорқынышты түсі сияқты. Мен өмір бойы күн сайын кем дегенде бес-алты алма жейтінмін. Үстелде алма болмаса, мен үшін тамақ жоқ деген сөз. Енді мұнымен қалай өмір сүремін, айтыңыздаршы? Қазір оларға қарап отырмын, жылағым келіп тұр… Маған алма жеуге қатаң тыйым салды. Ал мынау — менің ең жақсы көретін сұрпым — лимонка. Бүгін бір алманы сөмкеме салып алып, тек иіскеп жүрдім», деп жазды Баян Мақсатқызы.