Жол апатына себепкер болған бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол өзі қаққан жігіттің жағдайынан хабар берген.
"Нұржігіттің жағдайы туралы шұғыл жаңалық! 24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін кіргізіп, анасын, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр.
Еліміздің бетке ұстар реаниматологы, Мусаев Гамзат Афендиевич бастаған Тараз қаласының анестезия және реанимация бөлімінің кәсіби реаниматологтары Денсаулық сақтау министрлігінің көмегімен жан-жақты, сапалы ем жасап, Нұржігітті аяғына тұрғызуда", деп жазды ол.
Сонымен қатар заңгер БАҚ өкілдерінен жалған ақпарат таратпауды сұрап, науқас үшін дұғада болғандарға алғыс айтты.