Тұңғыш Президент саябағы жаңғырту жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, саябақты жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толықтай жабылады.

- Саябақта инженерлік және жүргіншілер жолы жаңартылып, аумақты кешенді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Жаңғырту кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады, - деп хабарлады басқармадан.
Алматы әкімдігі жұмыстардың аяқталу мерзімі мен саябақтың ашылатын күні туралы қосымша хабарлайды.