Шоу-бизнес

«Онда тұрған не бар?»: Мақпал Исабекова Қанатпен қарым-қатынасы жайлы айтты

«Онда тұрған не бар?»: Мақпал Исабекова Қанатпен қарым-қатынасы жайлы айтты

Белгілі әнші Мақпал Исабекова әзілкеш Қанатпен қарым-қатынасы жайлы қауесеттеріне жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info

Әнші онымен тек дос екенін айтты. 

Тіпті жұп болған күннің өзінде онда тұрған ештеңе жоқ екенін жеткізді. 

"Желілерді "Қанат аузыңа Райм түкіріп кетті ме" деген видео шулатып жүр. Соны маған көбіңіз жіберіп жатсыздар. Қанатпен біз осы жобада бірінші рет таныстық. Өте жақсы жігіт. Бірақ неге олай жаман ойлағандарыңызды білмеймін. Сондай жағдай болған күннің өзінде онда тұрған не бар? Одан еш әбестік көрмеймін. Біз доспыз", - деді ол. 

Барлық жаңалық