«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында күрделі тау-кен және шахта жағдайында пайдалануға арналған жаңа мамандандырылған автокөлік құралдары тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтан өтіп жатыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Сынақтағы BAW (Beijing Automobile Works) өндірісінің техникасы тар және орташа көлемдегі жерасты қазбаларына арнайы бейімделген. Ол заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен толықтай қамтылған:
-
Көлік аударылған немесе жоғарыдан ауыр зат құлаған жағдайда персоналдың өмірін сақтап қалатын берік құрылым.
-
Жүргізушіге айналадағы жағдайды толық бақылауға мүмкіндік береді.
-
Техника тежеу жүйесімен, жылдамдықты автоматты түрде шектеу қызметімен және жабдықтың жай-күйін бақылау құралдарымен жарақталған.
Бұған дейін кеніштерде қолданылып келген жалпы мақсаттағы автокөліктермен салыстырғанда, жаңа мамандандырылған техника әлдеқайда сенімдірек жұмыс істейді. Ол күрделі пайдалану жағдайларына тез бейімделуімен және қызмет көрсету шығындарының төмендігімен ерекшеленеді.
Алғашқы сынақ нәтижелері бұл көліктердің еңбек қауіпсіздігін едәуір күшейтіп, жабдықтың бос тұрып қалуын азайтатынын және өндірістік процестің жалпы тиімділігін арттыратынын растап отыр.
Қазіргі уақытта корпорация басшылығы бұл техниканы Топқа қарасты барлық өндірістік алаңдарға кезең-кезеңімен енгізу мүмкіндігін қарастыруда.