Жаңалықтар

"Жетім қылмаған қазағыма рақмет": Амангелі Сейітханның ұлы әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

"Жетім қылмаған қазағыма рақмет": Амангелі Сейітханның ұлы әсерлі жазба жариялады (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал спорт комментаторы, марқұм Амангелді Сейітханды “Ордабасы” футбол клубының жанкүйерлері еске алды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Шымкентте өткен матч кезінде жанкүйерлер трибунада Амангелді Сейітханның суреті бейнеленген арнайы баннер көтеріп, құрмет көрсетті. Бұл күндері белгілі комментатордың туған күні де аталып өткен еді.

Кездесудің тағы бір ерекше сәті – матч тізгінін марқұмның ұлы Бегасыл Сейітхан ұстады. Ол әкесінің жолын жалғастырып, ойынға комментаторлық жасады.

Бегасыл Сейітхан әлеуметтік желідегі парақшасында әсерімен бөлісіп, әкесін еске алған барша жанға алғыс айтты.

“Әке, Алла риза болсын сізге! Мені жетім қылмаған қазағыма Алланың нұры жаусын! Қиын сәтте сүйейтін де, жығылса көтеретін де — өз қазағы. Сондықтан қазақтың жанашыры — қазақ қана. Қазақ боп әлемді бағындырайық”, – деп жазды ол.

Барлық жаңалық