Танымал әнші Индира Елеместің қазіргі күйі жұртты шошытты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Желіде оның қатты жүдеп кеткен видеосы тараған.
Бірден қыпша беліпайда болған өнер иесін жұрт "қабырғасын алып тастаған" деп топшылады.
Алайда әншінің өзі бұл видеоға төмендегідей жауап берді:
"Қабырғаны алдыру деген мен бірінші рет естіп жатырмын,алайда маған қабырғанды алдырдың , неше қабырғанды алдырдың деп, сұрақтар келіп жатыр. Мен липосакция 360 жасаттым @ns_cliniic , әдемі фигураға жеткізген @dr.nazym.sayakovna Назым Саяковнаға мың алғыс , ішімнен ж/е арқамнан май алынды , нәтижесі әлі де алда. Қабырғасын алдыртқандар 15 күнде былай жүре алады ма ?".
Ал желі қолданушыларының бірі өнер иесінің бұл әрекетін қолдаса, енді бірі бұрынғы дене бітімінің жақсы болғанын жазуда.
"Өзің арық едің ғой", "Керек емес еді, бұрын тартымды едіңіз", "Ондай өтірік фигураның не керегі бар?", "Өмірдің мәні осы фигура ма?", "Тым қатты арықтатып жіберген ғой", - деп жазды көпшілік.