«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының ALA FLOWS музыкалық лейблі көпшілік назарына «BASQA KOZQARAS» атты жаңа бейнебаянын ұсынды. Бұл музыкалық релиз адамның өмір салтын айқындайтын ішкі таңдауы мен саналы шешімдеріне арналған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Композиция адамның өзін, болашағын және айналасындағы оқиғаларды жаңаша қабылдай бастайтын маңызды сәтін бейнелейді. Трек арқылы авторлар жастарды қалыптасқан ескі көзқарастардан арылып, өз жолын дербес айқындауға шақырады.
Әнде жасампаз патриотизм идеясы мынадай нақты құндылықтар арқылы ашылады:
-
Отбасыға деген құрмет;
-
Білімпаздық пен ізденіс;
-
Еңбек мәдениеті;
-
Қоғамдағы өз рөлін терең түсіну. Осылайша, патриотизм жалаң ұран емес, адамның күнделікті нақты іс-әрекеті мен елге деген жанашыр ұстанымы ретінде көрініс табады.
Бүгінде Қазақстан жаңа Халық Конституциясының қабылдануымен жаңа тарихи кезеңді бастан өткеруде. Осы тұста «Жаңа адамдар» жастары қоғамдағы бұл өзгерістерді музыка, мәдениет және креатив арқылы жеткізіп, жаңа буынның тілін қалыптастырып жатыр. Олардың мақсаты — болашақ Қазақстанның негізгі құндылықтарын өнер арқылы көпшілікке сіңіру.
«BASQA KOZQARAS» трегінің музыкалық негізі заманауи хип-хоп, афро-реггетон және латын әуендерінің элементтерін біріктіреді. Туындының ерекше ырғақтық құрылымы тыңдарманға өз қарқыны мен ішкі ритмін сезінуге мүмкіндік беріп, сана бағытын жаңаша қабылдауға жол ашады.