Жаңалықтар

Тоқаев пен Ердоған: Қазақстан мен Түркия арасында «Мәңгілік достық» декларациясы қабылданады

Тоқаев пен Ердоған: Қазақстан мен Түркия арасында «Мәңгілік достық» декларациясы қабылданады

Астанада Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы байланысты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы Түркияның Қазақстан үшін тек маңызды серіктес қана емес, ең жақын бауырлас мемлекет екенін ерекше атап өтті деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, қазіргі таңда Астана мен Анкара арасында ешқандай келіспеушілік немесе шешілмеген түйткіл жоқ. Мемлекеттер арасындағы байланыс барлық деңгейде қарқынды дамып, күн санап нығайып келеді.

Талқылау барысында екіжақты сауда-экономикалық қатынастардың жоғары деңгейіне баса назар аударылды:

  • Түркия Қазақстан экономикасына ең көп қаржы құйған ірі инвесторлардың қатарында. Оның жалпы көлемі 6 миллиард долларды құрайды.

  • Бауырлас ел Қазақстанның негізгі бес сауда серіктесінің тізіміне кіреді.

  • Өз кезегінде отандық инвесторлардың Түркия экономикасына құйған қаржысы да артып, қазіргі таңда 2,5 миллиард долларға жеткен.

Келіссөздердің басты қорытындысы ретінде қос мемлекет басшылары тарихи маңызы бар құжатқа қол қоймақ. Отырыс нәтижесі бойынша екі ел арасындағы байланысты бекіте түсетін «Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» декларация қабылданады.

Барлық жаңалық