Жаңалықтар

Қаңтар айындағы ҰБТ басталды: қатысушылардың көпшілігі емтиханды қазақ тілінде тапсырады

13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге 167-ге жуық адам қатысады. Олардың көпшілігі қазақ тілінде ҰБТ тапсырады. Ғылым және жоғары білім министрлігінде атап өткендей, 167 мың қатысушының 76,7%-і қазақ тілінде, 23,2%-і орыс және 142-і ағылшын тілінде тест тапсырады.
"Тестілеудің бірінші күні республика бойынша 2277 адам, соның ішінде елордада 155 талапкер ҰБТ тапсырады. Бірнеше жыл қатарынан «Математика-Физика» пәндерінің ең жиі таңдалатын комбинациясы болып отыр - 17,5%. Яғни, олар болашақ инженерлер, механиктер, мұғалімдер, техниктер, технологтар, энергетиктер және құрылысшылар. Одан кейін "Биология-Химия" комбинациясы - 17,3% және "Математика-Информатика" комбинациясы - 10,3%, сәйкесінше болашақ дәрігерлер мен ІТ-мамандар", - деп нақтылады ведомство басшысы Саясат Нұрбек тестілеу пункттерінің бірінде болған кезде.
Барлық жаңалық