Шоу-бизнес

"Операция жасаттым": Тұрсынбек Қабатов денсаулығы мен отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

"Операция жасаттым": Тұрсынбек Қабатов денсаулығы мен отбасы туралы айтты (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов жеке концертінде өзі туралы көпшілікке сыр ашты, деп хабарлайды ozgeris.info

Әзілкеш басына ота жасатқанын жария етті. 

"Жақында басыма операция жасатқанмын. Тромб болып, басымның қақпағын алып тастады. Осы тұрғанда алдарыңызға жарты бас болып шығып тұрмын негізі. Арасында бірдеңені қайталап кетсем, түсінерсіздер", - деді ол. 

Осыдан кейін жеке өміріне қатысты тараған қауесет туралы да айта кетті. 

"Негізі концерт көруге келіп отырсыздар ма? Әлде бірдеңе білуге келіп отырсыздар ма? Жүздеріңізге қарасам, бірдеңе білгілеріңіз келіп, айтқыларыңыз келіп отырған сияқты", - деп әзілдеді Қабатов.  

Барлық жаңалық