Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахчывандағы әуежайға жасалған соққыны айыптағаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Ол бұл туралы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
– Мен Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы бауырластық және одақтастық қатынастар рухында Иран мемлекетінің Нахчыванға жасаған шабуылдарын айыптап, елімізді қолдағаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысымды білдіремін, – деп жазды Ильхам Әлиев.
Бұған дейін Қазақстан президенті Нахчыван әуежайына ұшқышсыз ұшақтармен жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді. Онда ол Әзербайжанды одақтас мемлекет деп атады.