🌐 Әлем

Иран президенті Әзербайжанға шабуыл жасалмағанын мәлімдеді

Иран президенті Әзербайжанға шабуыл жасалмағанын мәлімдеді

Иран президенті Тегеранның Әзербайжанға шабуыл жасамағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Көрші елдің мемлекет басшысы Масуд Пезешкиан Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесу барысында көршілес елге жасалған шабуыл туралы ақпаратты толықтай жоққа шығарып, мұны дұшпандардың екі мемлекет арасындағы бауырластық қатынасты бұзуға бағытталған қастандығы деп атады.

«Иран ешқашан көршілеріне шабуыл жасауды мақсат еткен емес және етпейді де», – деді ол.

Осыған дейін бейсенбі күні Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Иран аумағынан Нахчыван автономиялық республикасына дрондар арқылы соққы жасалып, салдарынан төрт адамның зардап шеккенін хабарлаған болатын. Бұл оқиғадан кейін Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Тегеранның көрші елге ұшқышсыз аппараттар ұшырмағанын айтып, қазіргі уақытта қарулы күштер аталған жағдайды тексеріп жатқанын жеткізді.

Барлық жаңалық