Қоғам

Тоқаев: Қазақстан паспортының күші жыл сайын артып келеді

Тоқаев: Қазақстан паспортының күші жыл сайын артып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Қазақстан паспортының күші жыл сайын артып келе жатқанын атап өткен еді. Оның айтуынша, бұл еліміздің халықаралық деңгейдегі ықпалы мен тартымдылығының өсіп келе жатқанын көрсетеді деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Мемлекет басшысы Қазақстан бүгінде әлемнің түрлі елдерінен келетін адамдар үшін өмір сүруге және саяхаттауға қауіпсіз мемлекеттердің бірі екенін де айтқан болатын.

Бүгін бұл сөздер ерекше маңызға ие бола түсті. Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялау жұмыстарын жүргізіп, олардың елге қауіпсіз оралуына көмектесуде.

Осылайша мемлекет басты қағиданы тағы бір мәрте дәлелдеді: Қазақстан өз азаматтарын ешқашан тастамайды.

Қай жерде жүрсе де, әрбір қазақстандық Қазақстан Республикасының қорғауында.

Барлық жаңалық