Әсел БЕЙІМБЕТ.
Қоғам
Неліктен кейбір адамдар телефонмен сөйлесуден қорқады?
Қазіргі уақытта смартфонды пайдаланбайтын адамды кездестіру қиын екені рас. Еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін аталмыш құрылғымен жүреді. Алайда, телефон қоңырауынан зәре-құты калмайтындар да аз емес. Оның, тіпті, ғылымда өзінің «телефобия» деген термині де бар. Телефон фобиясын немесе телефобияны алғаш рет 1990 жылы Британдық зерттеушілер сипаттаған еді, ал қазір ол әлеуметтік мазасыздықтың бір түрі ретінде танылған.
Ғалымдар не дейді?
Ұлыбританиядағы кеңсе қызметкерлерінің 2019 жылғы сауалнама қатысушыларының 62%-ы телефон шырылдағанда мазасыз ойлар, қобалжу пайда болатынын мойындаған. Бұдан жас ұрпақ та жиі зардап шегеді екен: 1981 жылдан 1996 жылға дейін туылғандардың 76%-ы, 1940 жылдан 1960 жылға дейін туылғандардың тек 40%-ы қоңырау кезінде мазасыздыққа ұшырайды. Телефобиясы бар адамдарда телефонмен сөйлесу сәтінде әрдайым қорқыныш пен алаңдаушылық тудырады. Фобия белгісіз нөмірдің қоңырауына жауап беруге ғана емес, сонымен бірге туыстарымен және жақын адамдарымен сөйлесуге де кедергі келтіреді. Қорқыныш күнделікті өмірде, жұмыста қиындықтар тудыруы мүмкін. Өйткені қалай да болсын әріптестермен немесе басшылармен телефон арқылы сөйлесуден қашу мүмкін емес. Ол іскерлік қарым-қатынастың маңызды бөлігі болып саналатынын бәріміз білеміз. Зерттеушілер телефобия көбінесе әлеуметтік мазасыздықпен немесе белгілі бір травматикалық оқиғамен байланысты деп санайды.
Фобияның себебі
Телефон қоңырауларынан қорқу, жауап дайындауға бірнеше минут жұмсау мүмкіндігінің болмауынан байланысты десек те болады. Әлеуметтік желілердегі қарым-қатынастан немесе электрондық поштаны жазудан айырмашылығы, қоңырау кезінде адам қайта оқып, жауапты түзете алмайды. Фобияның пайда болуының тағы бір ықтимал себебі – өз дауысын ұнатпау немесе ұялу.
Кейбір сарапшылар телефобияның басты себебі — сұхбаттасушыны жүзбе жүз көрмеуден туындайды деп санайды. Әңгіме барысында адам мимика мен ым-ишара сияқты, яғни кері сыртқы байланысты көрмегендіктен іштей қобалжу басып алады. Телефобиядан зардап шегетін кейбір адамдар үшін телефон қоңырауларына қарағанда бейне қоңыраулармен сөйлескен оңайырақ.
Мұндай қорқыныштарды жеңудің негізгі әдістерінің бірі – қорқынышқа қарама-қарсы шығу. Мысалы қарапайым жергілікті кафеге қоңырау шалып, олардың қашан жабылатындығы туралы сұрау, кейін ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген отбасы мүшелерімен және ескі достарымен ішек тарқата әңгіме айту. Уақыт өте келе телефон қоңырауларынан қорқыныш сейіліп, аталмыш фобияны жеңуге болады.
-
Рүстем Жаныаманов ішіндегісін айтып қойды
15:40, 29 маусым 2025
-
Қайрат Нұртастың ұлы ауруханаға түсіп қалды
12:33, 29 маусым 2025
-
Жетісу облысында екі полицей көз жұмды
10:35, 29 маусым 2025
-
Ақтөбе облысында жоғалған атасы мен немересі суға батқан көліктен табылды
17:20, 28 маусым 2025
-
Журналистерге Президент атынан баспана кілті табысталды
15:27, 28 маусым 2025
-
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тағы кезекті жекпе-жегіне аттанды
13:44, 28 маусым 2025
-
Жұмабек Жанықұлов Динара Сәтжанды ерекше құттықтады (ФОТО)
11:32, 28 маусым 2025
-
Ақмолада жас ананың өлімі тіркелді: қайғылы оқиғаға депрессия себеп болуы мүмкін
09:08, 28 маусым 2025
-
-
Білім емес, бизнес: Қазақстанда жалған дипломдар нарығы өршіп тұр
22:29, 27 маусым 2025
-
Қайрат Нұртастың ұлы ауруханаға түсіп қалды
12:33, 29 маусым 2025
-
Рүстем Жаныаманов ішіндегісін айтып қойды
15:40, 29 маусым 2025
-
Жетісу облысында екі полицей көз жұмды
10:35, 29 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
Айсәуле Бақытбек ауыр қайғыдан кейін жан сырын бөлісті
16:59, 25 маусым 2025
-
"Иіскегім келеді": Филармония директоры әншіні сотқа беретінін айтты (ВИДЕО)
11:20, 24 маусым 2025
-
"Аузы жаман, аяғы лас": Наркенже Серікбаева сынға ұшырады
09:56, 25 маусым 2025
-
-
«Басына ота жасатқан»: Тұрсынбек Қабатовтың денсаулығы туралы ақпарат шықты
07:49, 27 маусым 2025
-
-
Елдос Сметов пышаққа түсті
15:17, 23 маусым 2025
-
Ішімдік көп ішетін өңірлер қандай?
13:09, 25 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
-
«Облыс әкіміне үндеу жолдаймын: Меруерт Түсіпбаева Заттыбек Көпбосынұлына назын айтты
02:31, 26 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-
Айсәуле Бақытбек ауыр қайғыдан кейін жан сырын бөлісті
16:59, 25 маусым 2025