Жаңалықтар

Мырзағали Айтжанов қызметінен босатылды – ресми

Бокстан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылары мен вице-президенті қызметінен босатылды, деп хабарлайды ozgeris.info. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

"Бокстан ерлер ұлттық құрамасының жаттықтырушылар құрамы жұмыстан толықтай шеттетілді. Шешім Спорт комитетімен келісілді", – делінген хабарламада.
Осылайша, келесі өзгерістер орын алды: Бас бапкер Мырзағали Айтжанов пен жаттықтырушылар құрамынан 10 маман қызметінен босатылып, Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов те қызметінен кетті; Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Барлық жаңалық