Қазақ КСР-інің халық әртісі, театр мен киноның көрнекті тұлғасы Асанәлі Әшімовтің видеосы әлеуметтік желіде кең таралып, көпшілік қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Оzgeris.info.
Бейнежазбада өнер майталманы шәкірті – актер Жұмағали Махановқа кітаппен әзіл-шыны аралас «соққы» жасап тұрған сәт көрсетіледі. Бұл көңілді көрініс көпшілікті күлдіріп, желі қолданушылары ұстаз бен шәкірт арасындағы шынайы жақындық пен жылы әзілді ерекше ықыласпен қабылдады.
Роликте Жұмағали Маханов та әрекетті әзіл ретінде қабылдап, ұстазының қылығына күлімдеп жауап береді.
«Театрға алғаш келген күнім әлі есімде. Сол кезде біз үшін Шахан Мусин, Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Жұмабай Медетбаев сияқты аға буын актерлер мен Сәбира Майқанова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Қадиша Бөкеева секілді апаларымыз үлгі болды. Қазіргі ақсақалдарымыз Сәбит Оразбаев пен Асанәлі Әшімов ағаларымыз да сол биік тұлғалардың жалғасы. Мені театрда 40 жыл ұстап тұрған осындай алыптардың қамқорлығы деп білемін», – деген болатын актер.
Желі қолданушылары роликке түрлі пікір қалдырды:
«Артынан садақпен атпағанына шүкір», «Ана кісі жыны келіп ренжіп қалды», «Мынауы ерсі қылық емес, шәкіртімен әзілдескені», «Бастан ұрма, бағы таяды» және т.б.