Жаңалықтар

«Ажалға араша түсе алмадық»: Бағдагүл сынықшы қара жамылды

«Ажалға араша түсе алмадық»:  Бағдагүл сынықшы қара жамылды

Танымал Ақтөбелік емші Бағдагүл қара жамылды, деп хабарлайды Ozgeris.info

Қайғылы хабармен желідегі парақашасында бөліскен. 

"Құда – мың жылдық деген бар.
Бүгін біздің шаңырағымыздың қызы Перизаттың бұрынғы қайынжұрты, ардақты құдамыз Советхан құдамыздың дүниеден озуына байланысты құдаларымыздың шаңырағына, ағайын-тума, бауырлары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.
Советхан құдамыз өте ақ жүректі, кең пейілді, қонақжай, бауырмал жан еді. Біздерді әрдайым құшағын айқара ашып қарсы алып, ақ көңілімен төріне шығарып, өз бауырындай көретін. Адамға деген сыйластығы мен жүрегінің жылуы әрдайым есімізде қалады.
Ерсін күйеу баламыздың әкесіне деген құрметі мен перзенттік парызын да көзіміз көріп, біліп жүрдік. Әкесі ауырған сәттен бастап жанынан табылып, бар жағдайын жасап, білікті дәрігерлерге көрсетіп, ем-домын ұйымдастырып, әке алдындағы перзенттік борышын адал атқарды. Бұл – көпке үлгі боларлық азаматтық әрі перзенттік қасиет.
Амал нешік, Алланың ісіне шара бар ма, ажалға араша түсе алмадық. Ардақты құдамыздың дүниеден өтуі – баршамызға ауыр қайғы.
Бүгінгі қаралы сәтте құдамыздың артында қалған барша туған-туыстары мен құда-жекжаттарына қайғырып көңіл айтамыз. Қайғыларыңызға ортақпыз.
Советхан құдамыздың арты тыныш, жаны жәннатта болсын. Иманды болсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Құдамыздың көре алмай кеткен қызығын, құдағиымыз көрсін", - деп жазды ол. 

Барлық жаңалық