Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобасының даму жоспарларымен танысты, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Кездесуде заманауи инфрақұрылым құру, инвестиция тарту, цифрлық технологияларды енгізу және қалалық көліктің жаңа түрлерін дамыту бағыттары таныстырылды.
Жоба аясында корейлік серіктестермен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға басымдық берілмек. Атап айтқанда, KIND, KAIST және Korea Airports Corporation ұйымдарымен K-Smart қалашығын құру, білім беру және R&D инфрақұрылымын дамыту, қалалық әуе қозғалысын ұйымдастыру, цифрлық модельдеу және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар қаладағы әуе қозғалысын басқаруға арналған UAM/UTM жүйесі таныстырылды. Жүйе болашақта ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксилерді пайдалануға мүмкіндік беруді көздейді.
Alatau City жобасы қала құрылысы, білім және ғылым, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар және инвестициялық ынтымақтастық бағыттарын біріктіретін халықаралық платформа ретінде дамытылмақ.