Қоғам

Әзербайжан мен Армения шекараны солтүстіктен оңтүстікке қарай белгілемек

Әзербайжан мен Армения шекараны солтүстіктен оңтүстікке қарай белгілемек

Әзербайжан мен Армения мемлекеттік шекараны делимитациялау жұмыстарын солтүстіктен оңтүстікке қарай жүргізуге келісті. Бұл туралы Әзербайжанның сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов мәлімдеді,деп хабарлайды Ozgeris.info

Жұмыс екі ел мен Грузия шекаралары түйісетін нүктеден басталады. Министрдің айтуынша, бұл шекараның ең күрделі учаскелерінің бірі.

Қазір екі елдің делимитация жөніндегі комиссиялары тұрақты кездесіп, шекараны белгілеуге қатысты мәселелерді талқылап жатыр. Нақты аумақтар мен елді мекендерге қатысты мәселелер де комиссия жұмысы аясында қаралады.

Барлық жаңалық