Жаңалықтар

«Сол күні көшіп келген»: Сәбидің үстіне құлаған астаналық әйел туралы тың дерек шықты

«Сол күні көшіп келген»: Сәбидің үстіне құлаған астаналық әйел туралы тың дерек шықты

Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен келіншекке қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info

Әлеуметтік желіде жас келіншектің жалдамалы пәтерге орналасқан видеосы тараған.

Ол пәтерге жайғасқаннан соң алты сағаттан кейін өз өзіне қол жұмсаған. Бірақ мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. 

"Шыңғырған жас келіншектің дауысы шықты. Біз басында сәбидің көз жұмғанын білген жоқпыз. Өте ауыр қайғы", дейді көршілері. 

Таңғы 4:36 кезінде марқұм әйел дорбаларын пәтерге тасыған. Бір рет дүкенге барып келіп одан кейін шықпаған. 

Полиция департаменті қазіргі таңда тергеу жүргізуде. 

Барлық жаңалық