Шоу-бизнес

«Біз екінші сортпыз па?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертінен кейін шу шығарды

«Біз екінші сортпыз па?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертінен кейін шу шығарды

«Қазақ әртістері екінші сорт па?»: Баян Мақсатқызы Канье Уэстің концертіне қатысты ашынды Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Канье Уэстің Алматыдағы концертіне қатысты пікір білдіріп, отандық және шетелдік әртістерге қойылатын талаптың бірдей еместігін сынға алды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, 19 мамырда ұйымдастырылған отандық шоуда қауіпсіздік мәселесі алға тартылып, отшашу қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынған.

«19 мамырда біз әлемдік деңгейдегі шоу жасадық. Бірақ отшашуға үзілді-кесілді рұқсат бермеді. Сонда заң алдында бәрі тең болғанымен, біреулер “теңірек” болғаны ма? “Дау-дамай туындайды, қауіпсіздікке кепілдік жоқ” деді… Мұны қалай түсінуге болады? Қазақ әртістері екінші сорт па? Біздің шоуымыз бір бас жоғары болғанына қарамастан, бізге болмайды да, Канье Уэстке бола ма?! Бұл – біздің баяғыдан келе жатқан “комплексіміз”. Қонақтардың алдында ұятқа қалмау үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз, ал өзімізге осы да жарай береді», – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Барлық жаңалық