Танымал актер Олжас Абайдың экс-сүйіктісі өнер жолына бет бұрып, әншілік қырынан көрінді. Ол TikTok әлеуметтік желісінде ән айтып тұрған бейнежазбасын жариялап, қысқа уақыт ішінде көрерменнің назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Желіге жүктелген видеода бойжеткеннің дауыс мәнері мен сахналық образы көпшіліктің көңілінен шыққан. Қолданушылар оның нәзік бейнесін, табиғи харизмасын және вокалдық мүмкіндігін жоғары бағалап жатыр.
Пікір қалдырғандар арасында:
«Қандай әдемі еді»
«Қалай Дариғамен айырбастап жіберді?»
«Өте нәзік екен»
«Керемет әнші, бала кезден ән салып жүргені көрініп тұр»
«Нағыз кәсіби оқыған әнші ғой, жолың болсын!», деген жылы лебіздер жиі кездеседі.
Кейбір қолданушылар оның бұрыннан әнге жақын болғанын атап өтіп, бұл қадамы тосын жаңалық емес екенін жазуда. Ал енді бірі бойжеткеннің болашақта үлкен сахнаға шығуына тілектестік білдіріп, жеке шығармашылығын дамытуға кеңес беруде.
Осылайша, актер Олжас Абайдың экс-сүйіктісінің өнерге бет бұруы желіде қызу талқыланып, оның алғашқы қадамына оң баға берілгендей. Көрермендер енді оның алдағы шығармашылық жоспарлары мен жаңа туындыларын асыға күтетінін жасырмай отыр.